Үйірмелер мен
іс-шаралар
«Еркемай» балабақшасындағы оқу-әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік стандарты мен үлгілік оқу бағдарламасына негізделеді. Мектепалды даярлық пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Оқытуда Монтессори педагогикасының элементтері мен баланың жасына, жеке ерекшеліктеріне және даму деңгейіне сай әдістер қолданылады. Әр баланың психологиялық жайлылығы мен дене дамуы ескеріледі.
Сабақтар ортақ тақырып аясындағы жобаларға біріктіріледі. Әр жоба бір аптадан бір айға дейін жалғасып, балалардың зерттеу немесе шығармашылық жұмысымен қорытындыланады.

Негізгі бағыттар: қазақ және орыс тілдері, мектепке дайындық, эмоциялық зияткерлік, ұсақ моторика, музыка, шығармашылық және құммен сурет салу.
Қосымша үйірмелер: хореография, шахматы, логопед және каратэ.
Үйірмелер:
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
Қимылды ойындар арқылы баланың ептілігін, төзімділігін және қимыл үйлесімділігін дамытамыз.
КАРАТЭ
Баланың өзіне деген сенімін нығайтып, тәртіп пен өзін-өзі бақылауға үйретеміз.
ХОРЕОГРАФИЯ
Би арқылы дене сымбатын, ырғақ сезімін және өзін еркін көрсету қабілетін дамытамыз.
ШАХМАТ
Ойын арқылы балалардың логикалық ойлауын, зейінін және есте сақтау қабілетін дамытып, өз бетінше шешім қабылдауға үйретеміз.
Балабақшадан тыс жұмыстар
Балабақша іс шаралары
Made on
Tilda